Жәнібек Әлімханұлы күтпеген шешімінің себебін түсіндіріп, жанкүйерлерін қызықтырып қойды
© Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмаққа ауысуына қатысты пікір білдірді. Ол бұл салмақ дәрежесін неліктен өзіне қолайлы санайтынын түсіндіріп, рингте мүлде жаңа қырынан көрінуге уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Боксшы бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Қазақ стилі" әуесқой бокстағы бүкіл мансабын 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткізгенін еске салды. Алайда кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін орта салмаққа (72,6 келіге дейін) түсуіне тура келген. Осы салмақта ол бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионы атанды.
Әлімханұлының айтуынша, екінші орта салмаққа (76,2 келіге дейін) ауысу – өзі үйренген салмаққа қайта оралу.
"Енді өзімнің табиғи салмағыма оралып жатырмын. 168 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесінде сіздер мүлде басқа Жәнібекті көресіздер!" – деді боксшы.
Айта кетейік, Әлімханұлы жарыстардан шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін, 2027 жылғы 23 қаңтарда рингке оралады. Екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионының бос белбеуі үшін өтетін жекпе-жекте оның қарсыласы даниялық Якоб Банк болады.
"Қазақ стилі" соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың көктемінде Астанада Конго өкілі Ануэль Нгамиссенгеге қарсы өткізіп, оны нокаутпен жеңген еді.
Ал 3 желтоқсанда оның мельдоний қолданғаны анықталып, осыған байланысты тарихи жекпе-жегі өтпей қалды. Арада екі апта өткен соң Жәнібек Әлімханұлы әлемнің орта салмақтағы үздік боксшыларының тізімінен шығарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:03, 16 қараша 2026
Әкесінің салғырттығынан бес жастағы қыз абайсызда сіңлісін атып өлтірді
-
09:54, 16 қараша 2026
Шығыс Қазақстанда тас көшкіні жолды жартылай бөгеді
-
09:42, 16 қараша 2026
48 сағатта үш жұп егіз: Маңғыстауда ерекше жағдай тіркелді
-
09:38, 16 қараша 2026
АҚШ-та ер адам бұрынғы әйелінің құрбысын жержаңғақ пастасы арқылы өлтірмек болған
-
09:24, 16 қараша 2026
Димаш Құдайберген Мексикадағы ерекше сыйлығын көрсетті





