Шымкенттегі хайуанаттар бағында кішкентай пони дүниеге келді

19:31, 18 сәуір 2024

© Сурет: видеодан алынды/Instagram/shymkentzoo

Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағындағы жануарлар қатары толықты. Аталған қуанышты жаңалықпен мекеме қызметкерлері бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 18 сәуірде хайуанаттар бағының Instagram-дағы парақшасында сүйінші жаңалық жарияланды. Сөйтсе тұяқтылар тұқымдасында аналық пони дүниеге келіпті.

"Жаңа туған төлдің салмағы - 9,5 келі. Пони дүниеге келгеннен кейін екі сағаттан соң аяғынан тік тұрып, өз бетінше жүре бастады. Қазіргі таңда анасы мен төлі өздерін жақсы сезінуде, төлдің тәбеті жақсы және белсенді мінез-құлықтар көрсетуде". Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағы


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!