Шымкент тұрғыны жалған 100 доллар дүкенде есеп айырысқан

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған долларды өткізу дерегін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Шымкент қ. азық-түлік дүкендерінің бірінде қала тұрғыны сомасы 2 200 теңгеге сауда жасап, 100 АҚШ долларын төмен бағада қабылдауды сұраған.
Дүкен сатушысы аталған ақша банкнотасын 35 000 теңге ретінде қабылдап, 32 800 теңге қалған ақшасын қайтарған. Ақша айырбастау пунктіне барған кезде 100 АҚШ долларының жалған ақша екендігі анықталған.
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкіміне сәйкес қала тұрғыны ҚР ҚК-нің 231-бабымен (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:51, 15 қаңтар 2021
ШҚО-дағы шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды
-
17:08, 15 қаңтар 2021
Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды
-
17:04, 15 қаңтар 2021
Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты пікір білдірді
-
16:48, 15 қаңтар 2021
Мамин өз тағайындауына қатысты пікір білдірді
-
16:37, 15 қаңтар 2021
Көкжайлау жері мемлекетке қайтарылады
Пікір