Сенімхатты бірнеше минут ішінде рәсімдеуге болады: «ЦОН» қосымшасында жаңа сервис іске қосылды

15:23, 17 желтоқсан 2025

© Сурет: Instagram/gov4c.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияцы "ЦОН" мобильді қосымшасында электронды сенімхат рәсімдеу бойынша жаңа сервисті іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 17 желтоқсанда мемлекеттік корпорация мәлімдеді.

"Бұл сенімхат арқылы азаматтар МХҚКО-дан дайын құжаттарды ала алады, көлік құралдарын тіркеуді және тіркеуден шығару қызметін, сондай-ақ техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмір белгілерінің телнұсқаларын рәсімдей алады",- делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, сенімхатты рәсімдеу бірнеше минутты қажет етеді және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.

"Бұл құжаттың заңды күшін қамтамасыз етіп, дербес деректердің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді. Қызмет бағасы – 500 теңге. Қызметті пайдалану үшін "ЦОН" мобильді қосымшасына ЖСН және мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін ҚҚС қайтару жүзеге асырылатын елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктердің тізбесі бекітілгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!