Аида Балаева МӘМС бойынша қазақстандықтарға үндеу жасады
© Фото: primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2025 жылғы 17 желтоқсанда қазақстандықтарды міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосылуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өзінің Facebook парақшасында үндеу жариялады.
Құрметті достар!
Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты басымдығы және елдің тұрақты дамуының негізгі іргетасы.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әрбір азаматтың денсаулығын қорғаудың негізгі тетігі. Сақтандыру жүйесі медициналық көмекті қолжетімді, заманауи әрі әділ етеді.
2026 жылдан бастап сақтандырылған мәртебесі бар азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызметтердің кең ауқымын жоспарлы түрде ала алады.
Бұл жүйе отбасылардың қаржылық тәуекелдерін азайтады, денсаулық сақтау саласының тұрақтылығын нығайтады және мемлекеттің медицинаны сапалы жаңа деңгейде дамытуына мүмкіндік береді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың денсаулығын нығайтуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер күшіне енеді.
Бүгінгі таңда міндетті сақтандыру жүйесінде шамамен 17 миллион адам, яғни ел халқының 82 пайыздан астамы сақтандырылған. Олардың 12 миллионнан астамы жеңілдік санаттарына жатады. Ал 4,5 миллион азамат жарналарды өздері төлейді. Біздің міндет – осы қамтуды одан әрі кеңейту. Сондықтан әлі жүйеге кірмеген азаматтарды сақтандырудың артықшылықтарын мұқият зерделеуге шақырамын.
Жаңа жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті едәуір кеңейеді. Оған қант диабеті, балалар церебралды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелі зақымдануы сияқты созылмалы аурулар енгізіледі. Енді бұл дертке шалдыққан науқастар дәрігерлердің кеңесін, қажетті дәрі-дәрмектерді және емдеуді толықтай міндетті сақтандыру шеңберінде алады.
Сондай-ақ жүйе басқа да кең таралған аурулар бойынша емдеу мен бақылауды өз мойнына алады.
Мысалы, артериялық гипертензия бойынша есепте 1,5 миллион қазақстандық тұр, жыл сайын 50 мыңнан астам асқыну – инсульттер мен инфаркттер тіркеледі. Жаңа жылдан бастап мұндай науқастарға қажетті барлық медициналық көмекті әлеуметтік медициналық сақтандыру толықтай қамтиды.
25 мыңнан астам азамат созылмалы бүйрек ауруымен өмір сүреді, олардың 8 мыңы гемодиализге мұқтаж. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бақылау, диагностика, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, гемодиализ және тіпті бүйрек трансплантациясы міндетті медициналық сақтандыру пакетіне енгізіліп, сақтандырылған азаматтарға тегін көрсетіледі.
Қант диабеті – әлемдегі ең кең таралған инфекциялық емес аурулардың бірі. Қазақстанда бұл диагнозбен шамамен 500 мың адам өмір сүреді. Бұл ауру бір реттік емді емес, тұрақты бақылауды, талдаулар тапсыруды, дәрігер кеңесін және емді түзетуді қажет етеді.
2026 жылдан бастап қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеу және диспансерлік бақылау міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енгізіледі. Яғни барлық жоспарлы қабылдаулар, қажетті тексерулер мен дәрі-дәрмектер қосымша төлемсіз қолжетімді болады. Басты шарт – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болу.
Айта кету қажет, созылмалы аурулардың басым бөлігі енді сақтандыру жүйесі арқылы толық қамтылады. Тек он бір әлеуметтік маңызы бар ауру ғана бұрынғыдай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі есебінен қаржыландырылады.
Ауыл тұрғындары да бүгінгі күні міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толыққанды енгізілген. Ауыл халқының едәуір бөлігі жеңілдік санатына жатады және олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Соның арқасында олар тар бейінді мамандардың кеңесіне, қымбат диагностикалық тексерулерге, жоғары технологиялы емдеу әдістеріне және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кепілді қол жеткізеді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, міндетті сақтандыру туралы заңдағы жаңа нормаға сәйкес, табыс деңгейі төмен Д және Е санатындағы азаматтар да сақтандырылып, диагностика мен емдеуді кедергісіз ала алады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін жүйеге "жұмсақ кіру" тетігі қарастырылған. Айына 4 250 теңге немесе жылына 51 000 теңге төлей отырып, олар аз ғана сомаға, оның ішінде қымбат медициналық көмекті де алу мүмкіндігіне ие болады.
Бұл өзгерістер қала мен ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің тең қолжетімділігін қамтамасыз етіп, ауыл халқының денсаулық сақтау жүйесіндегі қорғалу деңгейін арттырады.
Осы реформалардың басты мақсаты – әрбір адамды сапалы әрі уақтылы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Сақтандыру жүйесі медицинаны тұрақты, ал азаматтардың денсаулығын барынша қорғалған етеді.
Біз жүйені қамтуды одан әрі кеңейтуді жалғастырамыз, осылайша мүмкіндігінше көп адам оның артықшылықтарын пайдалана алады.
Сондықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне әлі қосылмаған азаматтарды оның мүмкіндіктерін мұқият зерттеп, беретін нақты қорғанысын бағалауға шақырамын.
Құрметті достар!
Сіздің денсаулығыңыз, амандығыңыз және әлеуетіңіз біз үшін аса маңызды. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосылып, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекке қол жеткізіңіз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:36, 17 желтоқсан 2025
Ұлытау облысында балық аулауға кетіп, ұшты-күйлі жоғалған алты адам аман-есен табылды
-
18:27, 17 желтоқсан 2025
Australian Open-2026 турнирі: Заңғар Нұрланұлының нешінші нөмірде өнер көрсететіні белгілі болды
-
17:58, 17 желтоқсан 2025
Алматыда қоқыс өртейтін зауыт қашан салынып бітеді - әкім жауабы
-
17:51, 17 желтоқсан 2025
Аягөзде жолда тұрып қалған жүк көлігі өзге жүргізушілерге қолайсыздық туғызды
-
17:37, 17 желтоқсан 2025
Денсаулық сақтау министрі жезқазғандық екі жасар қыздың денсаулығына қатысты тың мәліметпен бөлісті





