Алматыда шетелдік туристер көп баратын ТОП-8 орын қайсы
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Mastercard компаниясының мәліметінше, 2025 жылы қаңтар-қараша аралығында шетелдік туристер Алматы қаласындағы түрлі орындар мен көрікті жерлерге жоғары қызығушылық танытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ең танымал бағыт ретінде Shymbulak тау шаңғы курорты тіркеліп, оның үлесі 30,62% болды. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері айтты.
Туристер арасында сұранысқа ие өзге орындар қатарында: Үлкен Алматы көлі – 7,84%, Медеу – 6,24%, MEGA сауда-ойын-сауық орталығы – 5,52%, Арбат – 4,64%, Шарын шатқалы – 4,35%, Орталық мәдениет және демалыс саябағы – 4,35%, Көлсай көлі – 3,92% бар.
Мәдени-тарихи және рухани нысандар ішінде көш бастап тұрғандар: Көктөбе – 12,8%, Вознесенский шіркеуі – 12%, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі – 7,2%, Көк базар – 6,4%, Тұңғыш Президент саябағы – 4%, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – 4%, Алматының Орталық мешіті – 3,2%.
"Аталған деректер туристер қызығушылығының алуан түрлі екенін және қаланың бірегей мәдени мұрасына деген назардың жоғары екенін көрсетеді. Туризм басқармасында атап өткендей, Алматы таулары туристер үшін негізгі орын болып қала береді. Ал "Шымбұлақ" пен "Ой-Қарағай" курорттарын аспалы жолдар мен жаяу бағыттар желісі арқылы біріктіру туристерді бөлуге, демалыс үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, сондай-ақ Алматының халықаралық туристік орталық ретіндегі тартымдылығын күшейтуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады ведомство.
Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылдың үш тоқсанында Алматыға 563 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11% жоғары. Жыл соңына дейін шетелдік туристер саны 750 мың адамға жетеді деп болжанып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:52, 16 желтоқсан 2025
Билік мереке кезеңде әуе компаниялары мен әуежайларға жұмыс режимін күшейтуді тапсырды
-
19:30, 16 желтоқсан 2025
Рыбакина 2026 жылғы маусымды қай жарыстан бастайды
-
19:23, 16 желтоқсан 2025
PlayStation 5, тыныш оқу аймақтары: Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
-
19:14, 16 желтоқсан 2025
Алматылық «Қайрат» әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды





