20 метр биіктіктен құлаған құрылысшылар: Теміртауда екі адамның өліміне жауаптылар сотталды
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Теміртау қалалық соты өндірісте екі адамның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотқа дейінгі тергеу органдары қос шебер абайсызда екі адамның өліміне әкеліп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталды.
Сотта қос шебердің құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптардың сақталуына жауапты тұлғалар бола тұра, азаматтық қорғау саласындағы заңнамада, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны, бұл автокранның ішінде екі құрылыс фирмасының жұмысшысы болған аспалы жабдыққа бекітілген тростың үзілуіне алып келгені, соның салдарынан аталған жұмысшылар отырған аспа 20 метр биіктіктен бөлшектеліп жатқан ғимараттың қасбетіне құлап, оқиға орнында олардың қаза табуына әкеліп соққаны анықталды.
Қос сотталушының кінәсі жібірленушілердің, куәлардың, мамандардың көрсетулерімен, арнайы тергеп тексеру актілерімен, сараптама қорытындыларымен және істің өзге де материалдарымен дәлелденді."
"Туындаған салдардың ауырлығын, жәбірленушілердің пікірін, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын және іс бойынша жазаны ескере отырып, сот сотталушыларды нақты бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. А. және А-ның әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар 3 жыл мерзімге биіктікте құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды".Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, 2025 жылы 15 желтоқсанда Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде тағы бір жұмысшы биіктіктен құлап мерт болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:58, 17 желтоқсан 2025
Тәуелсіздік күніне орай безендірілген көліктерді себепсіз тоқтатқан полицейлер жазаланады - ІІМ
-
18:58, 17 желтоқсан 2025
«Мемлекеттік туды пайдалануға түк қатысы жоқ». ІІМ Тәуелсіздік күніндегі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады
-
18:50, 17 желтоқсан 2025
18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар жауатыны болжанады
-
18:36, 17 желтоқсан 2025
Ұлытау облысында балық аулауға кетіп, ұшты-күйлі жоғалған алты адам аман-есен табылды
-
18:27, 17 желтоқсан 2025
Australian Open-2026 турнирі: Заңғар Нұрланұлының нешінші нөмірде өнер көрсететіні белгілі болды





