Әуезов театрының 100 жылдығында «Еңлік – Кебек» қайта сахналанады
© Сурет: Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының баспасөз қызметі
2026 жылдың 13 қаңтарында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының құрылғанына 100 жыл толады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған орай аталған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында сағат 15:00-де "Тұңғыш ұлт театрына 100 жыл: дәстүр, жаңашылдық және көркемдік трансформация" атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтеді. Шара аясында театр музейі "Ғасыр жасаған Ұлт театры" атты көрмені ұсынады.
1926 жылы қазақ театрының шымылдығы "Еңлік – Кебек" спектаклімен ашылған еді. Араға жүз жыл уақыт салып, бүгін сол тарихи дәстүр жалғасын тауып, тарихи күн аясында "Еңлік – Кебек" спектаклі қайта сахналанғалы тұр.
Сол күні сағат 19:00-де М. Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының сахнасында Мұхтар Әуезовтің "Еңлік – Кебек" трагедиясы сахналанады. Көрсетілім аясында театр музейі "Ұлттық театрдың бастауы – "Еңлік – Кебек" қойылымы" атты көрмені ұсынады.
Театр 1926 жылы Қызылорда қаласында алғашқы кәсіби қазақ театры болып құрылған сәттен бастап, ғасыр бойы халқымыздың асыл мұраттарын, ұлттық құндылықтарын сахна арқылы ұрпақ санасына сіңіріп келеді.
Шын мәнінде қазақ руханиятының қарашаңырағына айналған бұл өнер ордасында "Еңлік – Кебек", "Абай", "Қобыланды", "Қарагөз", "Айман – Шолпан" секілді тағы басқа халқымыздың рухани өзегіне айналған жауһар туындылар қойылып, көрерменнің зор ықыласына бөленді. Театрдың шығармашылық мұрасы – ұлттың рухани айнасы, халықтың жан дүниесін бейнелейтін тірі шежіре. Театрдың негізін қалаған Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Құрманбек Жандарбеков, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қажымұқан Мұңайтпасов сынды тұлғалардың рухани аманатын кейінгі буын лайықты жалғастырып келеді.
- 1928 жылы театр Алматыға көшіп, жаңа буын актерлермен толықты;
- 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр мәртебесін алды;
- 1946 жылы "Еңбек Қызыл ту" орденімен марапатталды;
- 1976 жылы "Халықтар достығы" орденімен марапатталды;
- 1961 жылы театрға жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің есімі берілді;
- 2020 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен театрға ұлттық мәртебесі берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:33, 16 желтоқсан 2025
Қызылордада алғаш рет бір күнде үш бүйрек ауыстырылды
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам





