Шымкент таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

20:22, 16 желтоқсан 2025

© Сурет: olympic.kz

Шымкентте 20-22 желтоқсан аралығында ересектер арасында таеквондодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық біріншіліктің жүлделері үшін 300-ден астам спортшы 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

"Биылғы негізгі жарыстар аяқталды. Осыған байланысты әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері — Нодира Ахмедова, Айдана Құмартаева, Бейбарыс Қаблан, Батырхан Төлеуғали және Темірлан Тлеулес биылғы чемпионатқа қатыспайды. Ал жаңа маусымда бізді екі басты жарыс күтіп тұр. Біріншісі — мамыр айында Моңғолияда өтетін Азия чемпионаты, екіншісі — күзде Жапонияда өтетін Азия ойындары. Аталған жарыстарға іріктеу ұлттық құрама спортшылары арасында жүргізіледі. Біз олардың дайындығын екі халықаралық турнирде бағалап, содан кейін құрлықтық чемпионатқа қатысатын спортшыларды анықтаймыз", - деді бас бапкер Есбол Сұлтанов.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент Қазақстан бокс федерациясының Кубогын жеңіп алғанын жазған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!