Путин Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты Тоқаевқа көңіл айтты

08:56, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568792

© Фото: akorda.kz

Ресей президенті Владимир Путин Каспий теңізінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Vedomosti басылымының мәліметінше, Ресей президентінің хаты Кремльдің сайтында жарияланған.

"Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, қолдау білдіретінімді жеткізуіңізді сұраймын. Ресейде олардың қайғысына ортақтасады", – делінген хатта.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткен. Олар Каспий жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырма орындап жатқанда ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.

Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, тоғыз әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылған. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізілген.

Бұған дейін 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!