Полиция жаңа алаяқтық тәсілдері туралы ескертеді
© Фото: freepik
Түркістан облысының полициясы алаяқтарды анықтау мақсатындағы және олардан сақтандыру бағытындағы жұмыстарды күн тәртібінен түсірген емес.
Бұл жолы киберпол тобының полиция қызметкерлері пошта қызметкерлерімен бірге халықты алаяқтың жаңа түрінен сақ болуға шақырды.
Себебі алаяқтық қылмыстарын саралай келе, оның басым көпшілігі мемлекеттік "қазпошта" арқылы немесе пошта қызметкерінің атын жамылу арқылы орындалатыны анықталды.
Осыған сәйкес тұрғындарға өздерін "Қазпошта" мекемесінің қызметкері ретінде таныстырып, Сіздерге арналған пошта келіп тұрғанын айтып, аталған затты алу үшін келіп түскен СМС кодты айтуды сұраса, тез арада трубканы қойыңыз!
Ол алаяқтың бүгінгі таңдағы жаңа әдісі. Интернет-алаяқтарға алданбау үшін, әрбір шалынған қоңырауларға, келіп түскен СМС-хабарламаға мұқият болуларыңызды және күдік келтіретін хабарлама мен жарнамаларға сенбеуге кеңес береміз!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:44, 28 қараша 2024
437 млн теңге шығын: Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды
-
18:35, 28 қараша 2024
Михаил Шайдоров Гран-При финалына шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы атанды
-
18:15, 28 қараша 2024
Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған тұрғындар айыппұл арқалады
-
17:55, 28 қараша 2024
Екібастұзда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
-
17:41, 28 қараша 2024
Астана соты Бишімбаевқа қатысты тағы бір істі қарады