437 млн теңге шығын: Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды
© Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полицейлер құмды заңсыз өндірумен айналысқан топты анықтады. Олар мемлекетке 437 млн теңге көлемінде шығын келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер Түркістан облысы Келес ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты.
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пайдалы қазбаларды (қиыршық тасты) өз бетінше сатқан 4 күдіктіні ұстады. Келтірілген залал 437 миллион теңгені құрады.
Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктілерден 1 экскаватор, 1 жүк тиегіш, 4 жүк көлігі және басқа да заттай дәлелдемелерді тауып, тәркілеп алды.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:20, 28 қараша 2024
Синоптиктер 13 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады
-
19:45, 28 қараша 2024
Астанада ақылы автотұрақты кімдер тегін пайдалана алады
-
19:39, 28 қараша 2024
Оралда жеке тұрғын үйдің шатырындағы жылытқыш өртенді
-
19:20, 28 қараша 2024
Астаналық дәрігерлер алғаш рет бір жасқа дейінгі сәбилердің бауырын ауыстырды
-
19:20, 28 қараша 2024
Астаналық дәрігерлер алғаш рет сәбилердің бауырын ауыстырды