Полиция қызметкерін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген айыпталушы «Қара бүркіт» түрмесіне тоғытылды
© Фото: pexels
2024 жылдың мамыр айында Қостанай облысының полицейі өз үйінің ауласында аса қатыгездікпен өлтірілді. Бүгін, 13 қарашада сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айрылып, "Қара бүркіт" түрмесіне тоғытылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір прокуратурасы оқиғаның мән-жайын анықтады.
Ведомство мәліметінше, Ұзынкөл ауданының тұрғыны демалыста жүрген ауылдасын – полиция қызметкерін тонау және өлтіру ісі бойынша айыпталған болатын.
Алайда сотта заттай дәлелдерді зерттеу кезінде мемлекеттік айыптаушы алдын ала жоспарланған, айрықша қатыгездікпен және жәбірленушінің кәсіби қызметіне кек қайтару мақсатында қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру әрекетін растайтын айғақтарды тапты.
"Сот отырысында мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша сотталған адам 2021 жылы ұрлық және полиция қызметкерінің өміріне қастандық жасау бойынша сотталған бұрынғы қылмыстық іс материалдарының көшірмелері зерттелді. Бұл материалдарды сотталушы үкім шығарылғаннан кейін өзімен бірге сақтап келген",-делінген прокуратура ақпаратында.
Зерттеу барысында әрбір құжаттағы лауазымды тұлғалардың аты-жөндері тұсында сотталушының қолжазба түрінде жазбалар қалдырғаны анықталды.
"Тергеуші мен сарапшының аты-жөндерінің тұсына "пышақтаймын" деген жазбалар жазылған. Жәбірленуші, Ұзынкөл ауданы полиция бөлімінің криминалисінің есімі дөңгелекпен қоршалып, "пышақтаймын қаз" деген сөздер жазылған (орфография мен пунктуация сақталған)".Қостанай облысының прокуратурасы
Сотта сотталушы бұл жазбаларды пенитенциарлық мекемеде болғанда полиция қызметкерлеріне ренжігендіктен жасағанын түсіндірді.
Анықталған мән-жайлар сотталушыға жаңа айып тағуға негіз болды – бұл қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерін ерекше қатыгездікпен өлтіру қылмысы. Жаңа айыптау 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
"Қылмыстың ерекше себебі, қатыгездігі, алдыңғы жазасын өтегеннен кейін тиісті қорытынды жасамауы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы, басқа тұлғаларға зиян келтіруге деген тұрақты ниетінің болуы және заңға бағынушылық мінез-құлқының қалыптаспауы ескеріліп, мемлекеттік айыптаушы оны қоғам үшін қауіпті деп санап, оны өмір бойына оқшаулауды қажет деп тапты".Қостанай облысының прокуратурасы
"Наша газета" басылымының Telegram-арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, сот сотталушыға "Қара бүркіт" төтенше қауіпсіздік колониясында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
"Қара бүркіт" атауымен елге белгілі түрменің ресми атауы – ҚР ІІМ ҚАЖК Қостанай облысы бойынша ҚАЖД "№39 мекеме". Яғни, 2004 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар ең қатал режимдегі УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінде тоғытылған. Колония Ресеймен шекаралас жерде, Қостанай облысындағы Жітіқара моноқаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Еліміздегі өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар отыратын жалғыз мекеме
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 10 желтоқсан 2024
25-27 градус аяз: Қазгидромет қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
22:40, 10 желтоқсан 2024
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында үшінші орын алды
-
22:35, 10 желтоқсан 2024
Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
-
21:49, 10 желтоқсан 2024
Алматыда павлодарлық хоккейшілердің жеке мүлкін ұрлап кеткен
-
21:30, 10 желтоқсан 2024
СҚО-да екі қылмысқа күдікті тұрғын өз қолымен қазған жерде жасырынған