Павлодарда 23 жастағы жігіт үйінде қыз зорлап, 5 жылға сотталды

23:49, 2 ақпан 2023
148

© Сурет: astanatv.kz

Павлодарда өз үйінде қыз зорлады деген күдікке ілінген 23 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты. Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, 5 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, айыпталушының анасы бұл шешіммен келіспейді. Оның айтуынша, оның ұлына жала жапқан. Ұлы түнгі клубқа кеткен күні таңертең үйіне бөтен қыздың қонғанын көріпті. Алайда ұлы анасына мас болғанын, оған тиіспегенін, ұйықтап қалғанын айтқан. Содан анасы қызды үйінен қуып шыққан, бірақ, қыз полицияға мені зорлады деп арыз жазған.

"Олар таңғы 5-ке дейін клубта көңіл көтеріп, таңғы 6-да үйге келген. Мен оны білгем жоқ. Такси жүргізушісінің айтуынша, ол қыз үйге өз аяғымен кірген. Оны ешкім күштеп әкелмеген. Мен қыздан "Сен қалай біздің үйге келдің?" деп сұрадым. Сонда ол "Сіздің ұлыңыз мені үйге жеткізіп тастауы керек болған" дейді. Сонда ол өзі үйін білмей ме? Қалай бөтен үйге қонуға болады. Менің ұлым, менің көзімше қыз зорлауы зорлауы мүмкін емес. Мен үйде болдым. Ол ондай әрекетке барған жоқ".  Анасы

Алайда сот жігітті кінәлі деп тапты. Оның бұрын қылмыс жасамағанын және жақсы мінез құлқын ескеріп, жазаны біршама жеңілдетті. Бұған қоса, қызға моралдық шығын ретінде 1 млн. 200 мың теңге төлеуге міндеттеді. Ал анасы соттың шешімімен келіспей, аппелациялық шағым түсірмек. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

"Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі және 121-бап бойынша кінәлі деп таныды. 120-бап бойынша оған 5 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Ал 121-бап бойынша тағы 5 жыл жаза кесті, бірақ Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3 бөлігіне сүйене отырып, қылмыстарды ішінара қосып, сот оған 5 жыл 3 ай мерзімде жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтеуге үкім шығарды".Павлодар қалалық №2 сотының судьясы Әсемқоңыр Сайран

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!