Павлодар облысында ағайынды екі бала суға батып кетті

18:42, 28 маусым 2024

© Сурет: pixabay

28 маусымда сағат 00:58-де Торайғыр көліне шомылуға барған 11 және 13 жастағы ағайынды екі бала суға батып кетті. Жеткіншектер шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 жасар баланың денесін оқиға куәгерлері судан алып шыққан. Сағат 05: 15-те ТЖД Жедел құтқару отряды күшімен (бес құтқарушы) 13 жасар баланың денесі табылып, судан шығарылды.

21 маусымда Қырғызстанның Шу облысының Жайыл ауданында көлік өзенге құлап, бір отбасының алты кәмелетке толмаған баласы көз жұмғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!