Нығматулин: Мәжіліс терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын қарайды
© Сурет: Ж.Жұмабеков
Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәжіліс депутаттар әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды.
Құжат кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында дайындалды.
Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысында бірқатар ратификациялық заң жобалары талқыланбақ. Олар: Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жер үсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау және осы конвенцияға Биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттамаларына қатысты заң жобалары.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:56, 1 мамыр 2024
Қазақстандық дерби: Рыбакина отандасын жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты
-
17:10, 1 мамыр 2024
Құлсарыда санитарлық тазарту басталды
-
16:33, 1 мамыр 2024
Қызылорда облысында Қазақстан халқының бірлігі күні «Бірлік» аллеясында ағаш егілді
-
16:16, 1 мамыр 2024
Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
15:47, 1 мамыр 2024
Алматыдағы пәтерде шыққан өрт бір адам қаза тапты: тағы бір адам ауруханаға жатқызылды