Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы оның денсаулығы жайлы мәліметпен бөлісті

16:30, 24 маусым 2020

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының денсаулығының жағдайы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бүгінге дейін Елбасының денсаулығына қатысты БАҚ тарапынан көптеген сауалдар келіп түсті. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев дәрігерлердің айтқандарын орындай отырып, өзін жақсы сезінетінін және әлі де карантинде екенін жеткіземін", - деп жазды Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Оның айтуынша, өкінішке орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатыса алмады. Алайда, Елбасы парадты тікелей эфирден тамашалаған.

18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталғандығы белгілі болды. Бірақ бұған алаңдауға негіз жоқ делінді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!