Министр Павел Дуровтың Қазақстанға сапары жайында: Біз шақырдық – ол келді

11:29, 28 маусым 2024

© Сурет: Instagram/durov

28 маусымда Мәжіліс алаңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр Павел Дуровтың Қазақстанға шақыру бойынша келгенін атап өтті.

"Біз оны шақырдық, ол келді. Білуімше, ол Қазақстанда 3 күн болады. Қазір ол Astana Hubты көрді, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлікті және басқа да ұйымдарды көрсеткіміз келеді. Біз қонаққа технологиямызды және жақсы жетістіктерге жеткенімізді көрсеткіміз келеді", - деді Жаслан Мәдиев.

Оның айтуынша, қазір министрлік өкілдері Павел Дуровпен пікір алмасып жатыр.

"Бізде экспортқа шығарылатын өнімдер бар, біз адам капиталы мен білімге көп көңіл бөлеміз. Менің ойымша, бізде көрсететін нәрсе бар. Қазір пікір алмасып жатырмыз. Ол да бізден бірдеңе алып, трендтерді зерттей алады деп ойлаймын", - деп қосты Жаслан Мәдиев.

27 маусымда Қазнетте Павел Дуров министр Жаслан Мәдиевпен бірге Астанадағы Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркінің кеңсесін тексерген видео пайда болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!