Министр Алматыда газдан уланғандардың жағдайы туралы айтты
© Фото: zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыдағы газдан улану оқиғасы бойынша зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Алматыда пойызда табиғи газбен улану фактісі тіркеліп, жедел медициналық жәрдемнің 13 бригадасы оқиға орнына жіберілді. Барлығы 53 адам, оның ішінде балалар да бар, зардап шеккен.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың барлығы дер кезінде қалалық стационарлардың қабылдау бөлімшелеріне жеткізіліп, тексеруден өтті және қажетті медициналық көмек алды.
Зерттеп-қарау нәтижесінде 11 бала емдеуге жатқызылды. Екі бала реанимация бөлімшесінде жатыр, қалғандары мамандандырылған бөлімшелерде дәрігерлердің бақылауында. Қалған науқастар тексеруден кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова зардап шеккендерге көрсетіліп жатқан медициналық көмек туралы пікір білдірді.
“Емдеуге жатқызылған барлық пациенттерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Қауіпсіздікті және тұрақты оң динамиканы қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ресурстар тартылды. Біз жағдайды мұқият қадағалап, қаланың медициналық ұйымдарымен байланыста боламыз. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін”, - деді министр.
Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тиісті қызметтер жұмыс жүргізіп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 11 желтоқсан 2025
Тоқаев Ашхабадқа барды
-
22:13, 11 желтоқсан 2025
Астанадағы тандырханада төрт жұмысшы күйіп, ауруханаға түсті
-
21:13, 11 желтоқсан 2025
Алматыда көліктерден жүйелі түрде ұрлық жасаған күдікті ұсталды
-
21:13, 11 желтоқсан 2025
Алматыда автокөлік ұрысы қамауға алынды
-
20:58, 11 желтоқсан 2025
БҚО-да төрт елікті атқан браконьерлер ұсталды





