БҚО-да төрт елікті атқан браконьерлер ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау полициясы мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен рейд барысында Теректі ауданында заңсыз аңшылық дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шағатай ауылдық округінің орман алқабын патрульдеу кезінде Toyota Avensis автокөлігі тоқтатылып, салонда төрт ер адам болғаны белгілі болды.
"Тексеру барысында олардың екеуінен аңшы мылтығы тәркіленді, ал жүк салғыштан төрт еліктің өлексесі табылды", - деп хабарлады полиция.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті заңсыз аңшылықтың қатаң тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.
Еске салайық, 1 желтоқсаннан бастап өңірде заңсыз аң аулаудың алдын алуға, сирек жануарларды қорғауға және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтуге бағытталған "Киік" акциясы өтіп жатыр. Акция басталғалы бергі 10 күн ішінде 23 әкімшілік құқық бұзушылық және бір қылмыстық дерек тіркелген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:42, 11 желтоқсан 2025
Тоқаев Ашхабадқа барды
-
22:13, 11 желтоқсан 2025
Астанадағы тандырханада төрт жұмысшы күйіп, ауруханаға түсті
-
21:54, 11 желтоқсан 2025
Министр Алматыда газдан уланғандардың жағдайы туралы айтты
-
21:13, 11 желтоқсан 2025
Алматыда көліктерден жүйелі түрде ұрлық жасаған күдікті ұсталды
-
21:13, 11 желтоқсан 2025
Алматыда автокөлік ұрысы қамауға алынды





