Тоқаев пен Пезешкиан халықаралық ахуал жөнінде пікір алмасты
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран басшысы Масуд Пезешкианмен кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылағанын айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, тараптар әлемдегі қарулы қақтығыстардың күшеюіне, санкциялық қысымдардың артуына және сауда соғыстарының өршуіне байланысты алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар халықаралық ұйымдардың беделінің төмендеуі жөнінде пікір алмасты.
"Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін күшейту, оның жарғылары мен қарарларын қатаң сақтау, халықаралық құқықтың үстемдігін алға жылжыту және әділдік қағидаттарын қорғау бағытында ортақ ұстанымға келдік. Барлық жанжалдар дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешілуі тиіс екенін атап өттік. Қазақстан мен Иран халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығын жалғастыра береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан Қазақстанға шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, Иран Орталық Азия мемлекеттерімен достық қарым-қатынасқа ерекше мән береді.
"Қазақстан – аймақтағы маңызды серіктесіміз әрі Каспий арқылы шектесетін көршіміз. Президент Тоқаевпен ауыл шаруашылығы, өндіріс, тау-кен, көлік-логистика, ғылым, мәдениет және жаңа технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды талқыладық. Бұл келіссөздердің нәтижесін жақын уақытта көреміз деп сенемін. Халықаралық мәселелер бойынша екі елдің көзқарасы ұқсас", – деді Пезешкиан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:45, 11 желтоқсан 2025
Алматыдағы пойызда уланған 52 адамның 10-ы балалар, 2 бүлдіршін реанимацияда
-
16:39, 11 желтоқсан 2025
Алматыда полицейлер автокөлік ұрысын ұстады
-
16:31, 11 желтоқсан 2025
Қазақстан әлеуметтік прогресс индексінде көрсеткіштерін жақсартып келеді - статистика
-
16:25, 11 желтоқсан 2025
Қазақстанда заңсыз атқарушылық жазбалардың жаппай рәсімделу фактісі анықталды
-
16:15, 11 желтоқсан 2025
Еңбек министрлігіне жаңа функциялар берілді





