Астанадағы тандырханада төрт жұмысшы күйіп, ауруханаға түсті

22:13, 11 желтоқсан 2025

© Фото: zakon.kz

Астананың Алматы ауданында М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарласа салынған бір қабатты тандырхана өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонындағы газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан жарылыс болып, тандырхананың бір бөлігі қираған.

Құтқарушылар жедел түрде бес газ баллонын сыртқа шығарып, өрттің негізгі ғимаратқа таралуына жол бермеді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және шұғыл жұмысының арқасында өрт ауыздықталды.

Соған қарамастан, тандырхана жұмыскерлерінің төртеуі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы нақтыланып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!