Қазақстан өткен жылы Иранға 500 мың тоннадан астам арпа экспорттады – Президент

15:05, 11 желтоқсан 2025

© Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран басшысы Масуд Пезешкианмен өткен келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестіктің маңызын ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Иран нарығына астық пен дәнді-дақыл өнімдерін тұрақты түрде жеткізіп келеді.

"Былтыр Иранға 500 мың тоннадан астам арпа экспорттадық. Бұл көлемді бірнеше есе арттыруға толық мүмкіндігіміз бар. Бұл мәселені Иран Президентімен жан-жақты талқыладық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, Қазақстан ауыл шаруашылығын цифрландыруға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөліп отыр. Осы бағыттар бойынша тараптар тәжірибе алмасуға келісті.

Келіссөздер барысында ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық та талқыланды. Екі ел инновациялық ІТ шешімдерді енгізу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп дамытуға ниет білдірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!