Тоқаев: Солтүстік–Оңтүстік дәлізі мен Қазақстан–Түркіменстан–Иран бағыты стратегиялық маңызға ие
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы екі елдің транзиттік әлеуеті жоғары екенін, оны тиімді пайдалану қажеттігін айтты.
"Қазір Еуропа мен Қытай арасындағы құрлық дәлізімен жүретін жүктің 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді. Осыған байланысты Солтүстік–Оңтүстік көлік дәлізі мен Қазақстан–Түркіменстан–Иран теміржол бағытын дамыту ерекше маңызды. Бұл – екі ел мүддесіне толық сай келетін жоба", – деді Президент.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан теміржол инфрақұрылымын жаңғыртып, жаңа көлік жолдарын салып, Каспий теңізіндегі кеме қатынасын күшейтіп жатыр. Осы жұмыстарға Иран инвесторларын қатысуға шақырғанын да жеткізді.
"Қызығушылық танытқан жеке сектор өкілдеріне арнайы ұсыныстар әзірлеп, қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Біз Иранды Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкаға шығатын "қақпа" ретінде қарастырамыз", – деді Мемлекет басшысы.
Президент Иран билігіне Бандар-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портынан Қазақстанға жер телімі бөлінгені үшін ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл қадам екі ел арасындағы ықпалдастықты жаңа деңгейге көтереді.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлер арасындағы байланысты нығайту екі елдің экономикалық серіктестігін күшейтетінін атап өтті.
"Бүгінде Қазақстанның бірнеше облысы мен Иран провинциялары арасында серіктестік орнады. Иран кәсіпкерлерінің Маңғыстау облысында бірлескен еркін экономикалық аймақ құру жөніндегі ұсынысын құптаймыз. Бұл Иран шикізатынан Қазақстанда дайын өнім өндіруге және оны аймақ елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:45, 11 желтоқсан 2025
Алматыдағы пойызда уланған 52 адамның 10-ы балалар, 2 бүлдіршін реанимацияда
-
16:39, 11 желтоқсан 2025
Алматыда полицейлер автокөлік ұрысын ұстады
-
16:31, 11 желтоқсан 2025
Қазақстан әлеуметтік прогресс индексінде көрсеткіштерін жақсартып келеді - статистика
-
16:25, 11 желтоқсан 2025
Қазақстанда заңсыз атқарушылық жазбалардың жаппай рәсімделу фактісі анықталды
-
16:15, 11 желтоқсан 2025
Еңбек министрлігіне жаңа функциялар берілді





