Тоқаев Ашхабадқа барды
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Түрікменстан астанасы Ашхабадқа барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Сурет: akorda.kz
Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов келіссөз жүргізді.

Сурет: akorda.kz
"Түрікменстан басшылығының осы маңызды іс-шараға шақыруын ерекше ықыласпен қабыл алдым. Ертең талқыға түсетін мәселелер қазіргідей алмағайып, бұлыңғыр жағдайда әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы аясында өте өзекті деп ойлаймын. Аталған форум табысты өтетініне сенімдімін. Бұл басқосу Түрікменстанның жаһандық ауқымдағы ахуалды тұрақтандыруға, сондай-ақ Орталық Азиядағы достық пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынасты нығайтуға қосқан тағы бір елеулі үлесі болмақ", - деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарына оң баға беріп, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті.

Сурет: akorda.kz
Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына орайластырылған форумға қатысуға келгені үшін Қазақстан президентіне ризашылығын білдіріп, екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелеріне тоқталды.
"Өзара қарым-қатынас туралы сөз қозғағанда, Түрікменстан президентінің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын айтпай кетуге болмайды. Сапар жоғары деңгейде өтті. Экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Екі ел ықпалдастығын дамытуға елеулі үлес қосқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Сондай-ақ барша бауырлас қазақ халқына ізгі тілегімді жолдаймын", - деді Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:02, 11 желтоқсан 2025
Түркістанда Ясауидің «Диуани Хикмет» кітабының көне қолжазбасы табылды
-
22:13, 11 желтоқсан 2025
Астанадағы тандырханада төрт жұмысшы күйіп, ауруханаға түсті
-
21:54, 11 желтоқсан 2025
Министр Алматыда газдан уланғандардың жағдайы туралы айтты
-
21:13, 11 желтоқсан 2025
Алматыда көліктерден жүйелі түрде ұрлық жасаған күдікті ұсталды
-
21:13, 11 желтоқсан 2025
Алматыда автокөлік ұрысы қамауға алынды





