Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштіктің қатарынан көрінді
© Сурет: Сали Сабиров
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орыннан көрінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңартылған әлемдік рейтинг ISU сайтында жарияланды. Екінші орында тұрған жерлесіміз 4 193 рейтингтік ұпайға ие.
Әлемдік рейтингтің көшбасында АҚШ өкілі Илья Малинин тұр: 4 590 ұпай. Үшінші орынды 4 123 ұпаймен жапондық Юма Кагияма місе тұтқан.
Михаил Шайдоров үшін бұл - ең жоғары көрсеткіш.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Братиславада өткен ISU Challenger Memorial Ondrej Nepela сериялы турнирінің қола жүлдегері атанған болатын. Ол Михаилдың 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы халықаралық жарысы болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:31, 28 қыркүйек 2026
Мәдениет және ақпарат министрі Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты
-
21:27, 28 қыркүйек 2026
Алматы облысының орталығында сегіз пәтерлі тұрғын үй өртенді
-
21:03, 28 қыркүйек 2026
Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды
-
20:41, 28 қыркүйек 2026
Қазақстандық бапкер Үндістанда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді
-
20:32, 28 қыркүйек 2026
«Жаңбыр жауып, үсік жүреді». Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды





