Мәдениет және ақпарат министрі Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Санкт-Петербургте өткен XII Халықаралық біріккен мәдениеттер форумына қатысты. Форумға шетелдік 43 ресми делегация жиналды. Соның 18-іне мәдениет министрлері жетекшілік етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Форум аясында Арман Қырықбаев Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті.
Кездесу басында Ольга Любимова Маңғыстау облысында қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлады 2026 жылғы 28 қыркүйекте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан мен Ресейдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комиссияның жұмысы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды. Кіші комиссияның бесінші отырысын 2027 жылдың бірінші жартысында Астанада өткізу жоспарланып отыр.
Алдағы бірлескен мәдени жобалар да талқыланды. 8 қазанда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде "Наследие эпохи. Искусство ХХ века из собрания Государственной Третьяковской галереи" көрмесі ашылады. Көрмеге 30 туынды қойылады. Сондай-ақ тараптар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Эрмитаж күндері" жобасын өткізу жайын қарастырды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Арман Қырықбаев Ольга Любимоваға II дәрежелі "Достық" орденін табыс етті. Ольга Любимова Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ екі елдің мәдени байланыстарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:43, 28 қыркүйек 2026
Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте үздік үштіктің қатарынан көрінді
-
21:27, 28 қыркүйек 2026
Алматы облысының орталығында сегіз пәтерлі тұрғын үй өртенді
-
21:03, 28 қыркүйек 2026
Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды
-
20:41, 28 қыркүйек 2026
Қазақстандық бапкер Үндістанда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді
-
20:32, 28 қыркүйек 2026
«Жаңбыр жауып, үсік жүреді». Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды






