Қазақстанда екі орман өрті тіркелді

10:45, 28 қыркүйек 2026
MKZ: 1569245

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

2026 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қорында екі орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өрт ошақтары Қарағанды облысы мен Сайрам-Өгем ұлттық паркінде болған.

"Өрт ошақтары мемлекеттік орман күзетінің жерүсті патрульдеу жұмыстары барысында анықталды. Өртті сөндіруге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары және арнайы техника жұмылдырылды", – делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, өрттің шығуына дала өртінің мемлекеттік орман қоры аумағына таралуы себеп болған.

Ведомство қазіргі уақытта барлық өрт ошақтарының толық сөндірілгенін хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!