Мәскеуде 130 жыл бойы болмаған аптап ыстық тіркелді

13:03, 21 мамыр 2026

© Сурет: pexels

2026 жылғы 20 мамырда Мәскеуде ауа температурасы соңғы 130 жылдағы рекордты жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Фобос" ауа райы орталығының жетекші маманы Евгений Тишковец айтты.

Оның сөзінше, Мәскеудегі негізгі метеостанцияда ауа температурасы +30°C-қа дейін көтерілген. Осылайша, 129 жыл бойы сақталған осы күнге тән ең жоғары температура рекорды жаңарды.

21 мамырда ол тағы бір жазба жариялап, Ресейде бірден 20 температуралық рекорд тіркелгенін атап өтті:

"Ауа райындағы блокирлеуші процесс салдарынан Ресейде тағы да 20-ға жуық жылу рекорды тіркелді. Бүгін бұрын-соңды болмаған температуралық максимумдардың үшінші күні күтіліп отыр", – деді ол.
Мәскеуде 130 жыл бойы болмаған аптап ыстық тіркелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2026 13:03

Сурет: Telegram/ChasovojPogody

Дегенмен, синоптик мұндай ыстық ұзаққа созылмайтынын да ескертті.

"Мамыр айындағы ыстық алдамшы! Жаз әлі толық келмейді! Ай соңында рекордтық аптап ыстықтың орнына күрт суыту болады, ауа райы қайта өзгеріп кетеді", – деді Евгений Тишковец.

Бұған дейін Сахара шөлінде адасып кеткен ер адамның бес күннен кейін аман табылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!