Мемлекеттік инвестициялар есебінен объектілерді салу құнын айқындау қағидалары жаңартылды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 15 мамырдағы бұйрықпен мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салу құнын айқындау қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидалар құрылыс құнының 50 (елу) және одан да астам пайызы мөлшерінде шетелдік инвестицияларды тарта отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын, құрылысының құны халықаралық стандарттарға сәйкес айқындалған, жауапкершілігі І (жоғары) деңгейдегі объектілерді қоспағанда, құрылыстағы мемлекеттік инвестициялардың есебінен құрылыс объектілер құрылысының (бұдан әрі – объектілер құрылысы) құнын айқындау тәртібін белгілейді.
Объектілерді салу құнын айқындау кезіндегі негізгі шарттар құрылыс құнын айқындау әдісінің, сметалық есептеулердің рәсімдері мен нәтижелерінің, сондай-ақ құрылысқа мемлекеттік инвестициялар есебінен объектілерді салуға бағытталған инвестициялық жобаны іске асырудың барлық сатыларында қаражатты жұмсау есептілігінің анықтығы мен ашықтығы болып табылады.
Объектілер құрылысының құны мынадай сатыларда анықталады:
- жобалау алдындағы құжаттаманы және құрылыс жобасын әзірлеу;
- мердігерлік жұмыстар мен қызметтерге (жобалау, құрылыс монтаждау жұмыстары, инжинирингтік қызметтер) конкурс өткізу;
- объектіні салу;
- құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау;
- объектілерді кейіннен кәдеге жарату.
Объекті құрылысының құны мыналарды қамтиды:
- жобалау алдындағы құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздемелерін) әзірлеуге арналған шығындар;
- салалық заңнама нормалары шеңберінде реттелетін инвестициялық жобалар бойынша шығындар;
- құрылыстың сметалық құны.
Қосылатын абоненттердің қосымша жүктемелерін жабу үшін инфрақұрылым объектілерін кеңейтуге (реконструкциялауға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға) байланысты шығындар объектіні салу құнына енгізілмейді. Мұндай шығындар туралы мәселелер жеткізушілер (өндірушілер) мен тапсырыс беруші (тұтынушы) арасында шарттық және қайтарымды негіздерде шешілуі тиіс.
Құрылыс құнын жоспарлау мақсатында инвестициялық сипаттағы шығыстардың жиынтық сметалық есебі жасалады.
Инвестициялық сипаттағы шығыстардың жиынтық сметалық есебі-жерді бөлуге, құрылыс аумағын дайындауға, жаңа құрылыс объектілерін (олардың кешендерін, коммуникацияларын) тұрғызуға және (немесе) өзгертуге, пайдалану персоналын дайындауға, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге және объектіні пайдалануға беруді қамтамасыз ететін жабдықтарды кешенді сынақтан өткізуге негізделген шығындарды есептеу нәтижелерін қамтитын құжат;
Инвестициялық жобаны іске асыру сатысына байланысты мыналар айқындалады:
- жобалау алдындағы құжаттама құрамындағы құрылыстың сметалық құны (құрылыстың есептік құны);
- жобалау-сметалық құжаттама құрамындағы құрылыстың сметалық құны;
- құрылыстың келісімшарттық бағасы.
Құрылыстың сметалық құнын айқындау үшін жобалау алдындағы құжаттаманың немесе құрылыс жобасының құрамындағы сметалық құжаттама (сметалық бөлім) әзірленеді.
Бекітілген жобалау-сметалық құжаттама ("толық бітіріп берілетін" құрылысы кезіндегі жобалау алдындағы құжаттама) құрамындағы сметалық құжаттама мердігерлік жұмыстар мен қызметтерге конкурс өткізуге арналған (тапсырыс берушінің сметасы).
Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау кезінде тапсырыс берушінің негізгі қорларының құнына оның құрылысты жүзеге асыру кезінде шеккен және құрылыспен аяқталған және пайдалануға қабылданатын объектінің (іске қосу кешенінің, құрылыстың) түгендеу құнында бухгалтерлік есепке алынуға жататын шығыстары енгізіледі. тапсырыс берушінің негізгі қорларының құны сметалық құжаттамада бекітілген күрделі салымдардың құрылымына қатысты бухгалтерлік құжаттармен расталады.
Сондай-ақ, мемлекеттік инвестициялар есебінен құрылыс объектілерін салу құнын айқындау тәртібі бекітілді.
Бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:12, 21 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев өнерпаздарға берілетін стипендия өсетінін мәлімдеді
-
14:08, 21 мамыр 2026
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
-
13:32, 21 мамыр 2026
ІІМ LRT вагондары мен станцияларын тексерді
-
13:23, 21 мамыр 2026
Каспийдегі итбалық өлімі: Ауыл шаруашылығы министрлігі жағдайға пікір білдірді
-
13:03, 21 мамыр 2026
Мәскеуде 130 жыл бойы болмаған аптап ыстық тіркелді





