Құрбан айт: Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
© Сурет: pixabay
Астанада биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігі ресми сайтының жазуынша, Айт намазы 27 мамырда таңғы сағат 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.
Құрбандық шалу рәсімі күн сайын сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін тек ресми түрде бекітілген орындарда ғана жүргізіледі.
Осы мақсатта елордада бес мамандандырылған алаң белгіленді:
- Байқоңыр ауданы: "Шанхай" базары – Алаш тас жолы, 34/6;
- "Баракат" базары – А 369 көшесі, 10;
- "Жайлау" базары – Алаш тас жолы, Ц 313 көшесі;
- "Шәушен" шаруа қожалығы – Алаш тас жолы, 136Б.
- Алматы ауданы: "Ет-Хан" ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.
"Құрбандық шалу рәсімін арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өткізуге болмайды. Мереке қарсаңында тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарды сақтауы қажет. Мамандар етті тек тексерілген орындардан сатып алуды, өнімнің сақталу жағдайына назар аударуды, сондай-ақ жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мал союдан қалған қалдықтарды белгіленген тәртіппен кәдеге жарату қажет, оларды қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге тастауға тыйым салынады.
Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылғы Құрбан айт мерекесіне арналған айт намазының кестесін жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:27, 20 мамыр 2026
Қызылорда облысында түйе кәріз құдығына түсіп кеткен - видео
-
20:03, 20 мамыр 2026
Алтын Орда мұрасы: Астанада әлемнің жетекші ғалымдары қарар қабылдады
-
19:52, 20 мамыр 2026
Қазақстан мен Кения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
-
19:39, 20 мамыр 2026
Алматыда бір күнде екі жол учаскесі жабылады
-
19:25, 20 мамыр 2026
Қазақстан мен Кения президенттері халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді





