Конституциялық сот жеке сот орындаушыларының шығындарына қатысты мәселені қарайды
© Фото: freepik
Конституциялық сот азаматтың өтініші бойынша "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 118-бабы 1-тармағының екінші бөлігінің 2-бөлігінің және Әділет министрлігі бұйрығындағы ескертпенің 3-абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру мәселесін қарады.
Дауланып отырған нормалар баламен қарым-қатынас тәртібін айқындауға байланысты атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу міндетін ата-аналардың әрқайсысына тең үлеспен жүктеуді көздейді.
Өтініш иесінің ұстанымы
Өтініш иесінің пікірінше, қолданыстағы құқықтық реттеу баламен қарым-қатынас тәртібі туралы сот актісін орындау кезінде жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу шығыстарын екі ата-анаға тең дәрежеде жүктеуді негізсіз көздейді.
Өтініш иесі сот шешімін мәжбүрлеп орындауға байланысты шығыстар сот белгілеген баламен қарым-қатынас тәртібін орындаудан жалтарып отырған ата-анаға жүктелуге тиіс деп есептейді.
Сонымен қатар, оның пікірінше, дауланып отырған ережелер заң мен сот алдындағы баршаның теңдігі қағидатын бұзады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 және 39-баптарында көзделген құқықтар мен бостандықтарды шектеудің жол берілетін шектерінен шығады.
Істің мән-жайы
Өтініш материалдарынан көрінгендей, сот шешімімен кәмелетке толмаған балаларының тұрғылықты жері анасымен айқындалған өтініш иесінің балаларымен қарым-қатынас тәртібін белгілеу туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылған.
Атқарушылық парақ негізінде жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғап, оның шеңберінде жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерін әр ата-анадан 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгілеген.
Өзіне жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу міндетінің жүктелуімен келіспеген өтініш иесі тиісті қаулыны сот тәртібімен даулаған. Ол сот актісін мәжбүрлеп орындауға байланысты шығыстар баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас тәртібін қамтамасыз ету туралы сот шешімін орындаудан жалтарып отырған ата-анаға жүктелуге тиіс деп санайды.
Конституциялық Сот отырысына өтініш иесі мен оның адвокаты, Парламент Сенатының, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының және Парламентаризм институтының өкілдері қатысты.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында және бірқатар басылымдарда жарияланатын болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:58, 20 мамыр 2026
ҚР СІМ Шенген елдеріне кірудің жаңа ережелері туралы мәлімдеді
-
16:45, 20 мамыр 2026
Елімізде ұлттық валюта атауының жазылуы өзгереді
-
16:37, 20 мамыр 2026
Қазақстанда архитектуралық-үйлестіру орталығы анықталды
-
16:24, 20 мамыр 2026
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейге баруды жоспарлаған азаматтарға үндеу жасады
-
16:10, 20 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді





