Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто «Қазақстан-Кения» бизнес форумына қатысты
© Сурет: zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения президенті Уильям Руто "Қазақстан-Кения" бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Кения арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл саяси шешімдерді бекітуге және екіжақты байланыстарды нығайтуға қос тараптың да ниетті екенін көрсетеді, деп хабарлайды 2026 жылғы 20 мамырда Ақорданың баспасөз қызметі.
"Президент Уильям Рутомен жүргізген нәтижелі әрі мазмұнды келіссөз барысында көптеген бағыттағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенімізді растадық. Сондай-ақ серіктестіктің жаңа бағыттарын айқындадық. Экономикалық байланыстарымыз таяу арада нақты іске ұласады деп ойлаймын", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық серіктестікті жандандыру бойынша бірқатар бастама көтерді.
"Сауда мен инвестиция саласындағы диалогтың арнаулы платформасына айналатын "Қазақстан – Кения" іскерлік кеңесін бекіту қажет. Бизнес-миссиялардың барыс-келісін тұрақты түрде ұйымдастыру компаниялардың өркендеуіне ықпал етеді. Қазақстанның Кениядағы бизнес мәселелерін үйлестіру бойынша Құрметті консулын тағайындау елдеріміздің кәсіпкерлері арасындағы байланысты арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар көлік-логистика инфрақұрылымын жақсарту перспективасы мен тың мүмкіндіктерді пайдалану жөніндегі сарапшылар тобын құру ұсынылады. Осы шараларды іске асыру министрлер деңгейіндегі Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссияны тездетіп құруға берік негіз болады деп сенемін. Сондай-ақ бизнес тәжірибелерін зерделеу үшін Кенияға іскерлік орта өкілдерінен құралған топ жіберуге уағдаластық", – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Тоқаев Уильям Рутоға І дәрежелі "Достық" орденін тапсырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:58, 12 маусым 2026
Табиғат пен тарих тоғысқан өлке: миллиондаған жылдар бойы түзелген сирек кездесетін жануарлар мекені
-
12:40, 12 маусым 2026
Жаңа мемлекет құруға және терроризмге шақырған: ҰҚК экстремистерді ұстады
-
12:27, 12 маусым 2026
Қазақстандықтар ақшасын қалай сақтағанды жөн көреді
-
12:06, 12 маусым 2026
Алматыда ауқымды жөндеу жұмыстарына байланысты Жароков пен Әл-Фарабидегі қозғалыс шектеледі
-
11:42, 12 маусым 2026
Кейбір шешімдерді орындау кезінде ЖСО шығындарын бөлу туралы нормалар Конституцияға қайшы келеді





