СІМ БАӘ-де өмір бойына сотталған отандасымызға қатысты пікір білдірді
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев 2026 жылғы 20 мамырда ведомстводағы брифинг барысында БАӘ-де Қазақстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны жайлы сот үкімі шыққанын растады және министрлік пен елшілік бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстайтынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол министрліктің Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған Қазақстан азаматының жағдайынан хабардар екенін айтты.
"Құзыретті органдардан алынған ресми ақпаратқа сәйкес, 2026 жылдың 18 наурызында Дубайдың бірінші сатыдағы соты Қазақстан азаматын қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ айыппұл тағайындады. Әмірліктер тарапының мәліметі бойынша, аталған азамат 2025 жылы БАӘ құзыретті органдары қозғаған қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың бірі болып табылады. Аталған қылмыстық іс адамды ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру, денсаулығына ауыр зиян келтіру, сондай-ақ жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу сынды ауыр қылмыстар санатына жатады", деп сөзін толықтырды Жетібаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған іс бойынша апелляциялық шағым түсірілді, осыған байланысты үкім заңды күшіне енген жоқ, Сыртқы істер министрлігі мен елшілік бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстауда.
Бұған дейін СІМ ел азаматтарымен байланысты шекарада жағымсыз жағдайлардың артуына алаңдаулы екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:38, 11 маусым 2026
Жанәбіловтар рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе - ІІМ жауап берді
-
15:17, 11 маусым 2026
Қазақстандықтарды әскери қайта даярлауға шақыруы мүмкін бе
-
15:02, 11 маусым 2026
Алматы тауларында жас жігіт квадроциклмен апатқа ұшырап, көз жұмды
-
14:49, 11 маусым 2026
Италияда қазақстандық студент қаза тапты
-
14:33, 11 маусым 2026
Жамбыл облысына дронның құлауы: Қорғаныс министрлігі алдын ала себепті атады





