Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы жүгері өңдеу зауытын іске қосу рәсіміне қатысты
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Қытай" инвестициялық форумы аясында бейнебайланыс арқылы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдейтін өнеркәсіп паркінің құрылысын бастауға рұқсат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобаны әлемдегі биологиялық ашыту саласы көшбасшыларының бірі – қытайлық Fufeng Group компаниясы іске асырады. Өндірістік кешенді инвестициялаудың алғашқы кезеңіне 350 миллион доллар жұмсалды. Кәсіпорын жылына 500 мың тоннаға дейін жүгері өңдей алады.
Екінші кезеңде кәсіпорынның жүгері өңдеу қуатын жылына 3 миллион тоннаға дейін ұлғайту және шығарылатын өнім түрлерін арттыру қарастырылған. Бұл кезеңдегі инвестицияның жалпы көлемі 1,15 миллиард долларды құрайды.
Өнеркәсіп паркін құру 1,5 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға және елімізде жүгері дәнін терең өңдеу бойынша толық өндірістік циклді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді ілгерілетуге, Қытаймен өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіп саласының экспорттық әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:25, 25 қыркүйек 2026
Қар жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: синоптиктер Қазақстанда күннің күрт суытатынын ескертті
-
15:13, 25 қыркүйек 2026
Қанат Бозымбаев Каспийдегі қайғылы оқиға бойынша Үкіметтік комиссия отырысын өткізді
-
14:56, 25 қыркүйек 2026
Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету туралы әкімдік мәлімдеме жасады
-
14:45, 25 қыркүйек 2026
Каспийде қаза тапқан офицердің денесі әскери ұшақпен Түркістанға жеткізілді
-
14:39, 25 қыркүйек 2026
Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар инвестициялық жоба бойынша келісімдерге қол қойылды





