Астанада тұмау мен ЖРВИ жұқтырушылар саны артып барады

17:17, 24 қыркүйек 2026
MKZ: 1568720

© Сурет: freepik

Астана қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалаева 2026 жылғы 24 қыркүйекте өткен брифинг барысында елордада қандай вирустар айналымда жүргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айгүл Шағалаева ағымдағы эпидемиялық маусымда Астанада ЖРВИ-дің 313 173 жағдайы тіркелгенін атап өтті. Оның айтуынша, сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 20 486,1-ді құрады. Өткен маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 1,1 есеге өскен.

"Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 57,9%-ды құрайды. Осы жастағы балалар арасындағы сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 41 963,1-ге жетіп, өткен маусымның ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 24%-ға жоғары болды. Ал 10-16 қыркүйек аралығын қамтитын соңғы есепті аптада ЖРВИ-дің 3 973 жағдайы, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 323 жағдай тіркелді", – деді ол.

Сондай-ақ ол тұмау бойынша эпидемиологиялық қадағалау органы деректерін алға тартты.

"2025-2026 жылдар маусымында тұмау тәрізді аурулар мен ауыр жіті респираторлық инфекция жұқтырған науқастардан 1 687 сынама алынып, зерттелді. Тұмау 250 жағдайда, COVID-19 тоғыз жағдайда анықталды. Сондай-ақ риновирустар, респираторлы-синцитиальды вирус, аденовирустар, парагрипп, метапневмовирус және басқа да тұмауға жатпайтын 725 вирус анықталды. Ағымдағы есепті аптада ауыр жіті респираторлық инфекция белгілерімен ауруханаға жатқызылған 18 және 19 жастағы пациенттерден ПЦР әдісімен A(H1N1) pdm09 тұмауына сынама алынып, екі жағдай расталды", – деді спикер.

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Салтанат Бекқожина 2025-2026 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда Қазақстанда ЖРВИ-дің 4,38 млн жағдайы тіркелгенін айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!