Қар жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: синоптиктер Қазақстанда күннің күрт суытатынын ескертті

15:25, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568891

© Фото: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 26–28 қыркүйекке арналған ел аумағындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде ел аумағының басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік-батыстан келетін антициклон айқындайды. Соның әсерінен көбіне жауын-шашынсыз ауа райы болып, ауа температурасы төмендейді.

"26–28 қыркүйекте елдің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын күтілмейді. 27–28 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында да жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Ал елдің шығысында, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсуі мүмкін.

Сондай-ақ түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Облыстардың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін.

"Елдің солтүстігі мен шығысында түнде 1–3 градус үсік жүреді. 27–28 қыркүйекте солтүстік-батыс және орталық өңірлерде де осындай үсік күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте, еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!