Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 17 ақпанында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.
Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды. Қырғызстан Президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.
Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде ортақ пікірде екенін жеткізді.
Қазақстан Президенті Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтауға, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:09, 13 наурыз 2026
Польшада күмәнді жағдайда жоғалған қазақстандық әйел өлі күйінде табылды
-
09:53, 13 наурыз 2026
Сыра мен сыра сусындарын таңбалау мерзімі айқындалды
-
09:45, 13 наурыз 2026
Қалта ұрлығының алдын алу: Алматыда полиция тұрғындарға жадынама таратты
-
09:39, 13 наурыз 2026
Таразда полицейлер гауһар тасты әшекейлер ұрлығын жедел ашты
-
09:28, 13 наурыз 2026
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта өтеді





