Жаңбыр, қар және көктайғақ: синоптиктер 24–26 қарашаға болжам жасады

10:42, 23 қараша 2026
MKZ: 1579170

© Фото: Zakon.kz

Алдағы үш күнде Қазақстанның кей өңірлерінде жауын-шашын мол түседі. Ал 26 қарашаға қарай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн қайта жылынып, ауа температурасы +25°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның 2026 жылғы 24–26 қарашаға арналған ауа райы болжамында айтылған.

"Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-батыстан бірнеше циклон бірінен соң бірі өтеді. Соның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауады. 24 қарашада еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының кей аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ болады. Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет".

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.


"Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 26 қарашаға қарай күндіз ауа температурасы +15…+25°C-қа дейін көтеріледі", – деп мәлімдеді "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.

Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 23 қарашаға дауылды ескерту жариялаған еді. Синоптиктер Астана мен Шымкентте, сондай-ақ еліміздің барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!