Дәстүрлі энергетикаға балама болатын күн қуаты: Қазақстан ауқымды жобаларды іске қосуға дайындалып жатыр
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда күн электр станцияларының жалпы қуаты кезең-кезеңімен артып келеді. Бұл туралы 2026 жылғы 23 қарашада ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің мәліметінше, Мемлекет басшысы Жолдауында жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, әсіресе күннен электр энергиясын өндіруге айрықша көңіл бөлу қажет екенін атап өткен.
"Қазақстанда күн энергетикасының қуаты кезең-кезеңімен артып келеді. Бүгінде еліміздегі жаңартылатын энергия көздері нысандарының жалпы белгіленген қуаты 3,7 ГВт-ты құрайды. Оның ішінде күн электр станцияларының үлесі – 1,3 ГВт." Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Биылғы тоғыз айда ЖЭК нысандары 7,8 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндірді. Оның 1,9 млрд кВт·сағаты күн электр станцияларына тиесілі.
2026 жылы 245 МВт болатын 10 ЖЭК нысанын пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі таңда 212 МВт болатын 7 нысан іске қосылды.
Оның ішінде 62,6 МВт болатын үш күн электр станциясы бар:
- Маңғыстау облысындағы қуаты 20 МВт "Stellar Energy" ЖШС;
- Қостанай облысындағы қуаты 22,6 МВт "Altyn Solar Energy" ЖШС;
- Жетісу облысындағы қуаты 20 МВт "Jetisu Terra Power" ЖШС.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін Қызылорда облысында жалпы қуаты 30 МВт болатын "Альхена" ЖШС-нің екі күн электр станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
"Сонымен қатар жалпы қуаты 900 МВт болатын күн энергетикасы саласындағы перспективалы жобалар портфелі қалыптастырылуда. Жалпы, 2035 жылдың соңына дейін кемінде 8,4 ГВт жаңа ЖЭК қуаттарын, оның ішінде шамамен 1,8 ГВт күн генерациясын іске қосу жоспарланған." Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Ірі перспективалы жобалардың қатарында China Energy компаниясының қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасы, сондай-ақ Tumar Commerce компаниясының жиынтық қуаты 1 ГВт-қа дейінгі жобалары бар.
2026 жылғы 11 қарашада Құрылтай депутаттары баламалы энергетиканы дамыту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында жаңа энергия көздерін, соның ішінде қалдықтар мен өндіріс барысында бөлінетін артық жылуды пайдалану көзделген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:36, 23 қараша 2026
Ақтөбе облысында 82 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған тұлғалар сотталды
-
09:26, 23 қараша 2026
Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті
-
09:18, 23 қараша 2026
Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады
-
09:04, 23 қараша 2026
Үндістанда 23 жастағы жігіт 17 жастағы қызды өлтіріп, у ішкен
-
08:57, 23 қараша 2026
Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады





