Қайғыдан кейінгі қуаныш: Маңғыстауда 51 жастағы әйел қыз босанды
© Сурет: видеодан алынған
Маңғыстаудың 51 жасар тұрғыны Күмісай Палекеева ЭКҰ (экстракорпоралды ұрықтандыру) әдісі арқылы қыз бала дүниеге әкелді. Ария есімді сәби ауыр қайғыдан кейін ерлі-зайыптылар үшін көптен күткен қуанышқа айналды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының 2026 жылғы 22 қарашадағы мәліметінше, сәби 17 қарашада "Ана мен бала" облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген. Оның салмағы – 3 400 грамм, бойы – 52 сантиметр.
Кесарь тілігі арқылы жасалған операцияны дәрігер Жапырақ Епенова жүргізді. Медицина мамандарының айтуынша, жүктілік кезеңі жеңіл өткен. Қазір анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы.
Күмісай алғаш рет 31 жыл бұрын, яғни 1995 жылы ана атанған. Кейін отбасында тағы екі бала дүниеге келген. Алайда ауыр қайғылы оқиғадан кейін ерлі-зайыптылар балаларынан айырылып қалған. Біраз уақыттан соң олар ЭКҰ әдісіне жүгінуге шешім қабылдаған.
"Үйіміз бос қалған соң, тым болмаса ЭКҰ арқылы бала көтеріп, дүниеге әкелсем деп шештім. Қасымда сүйеніш болатын, қамқорлық көрсететін жан болса екен дедім. Сол үшін өмір сүріп, алға ұмтылуға себеп керек болды", – дейді Күмісай.
Әйелдің айтуынша, бастапқыда жасына байланысты баланы көтеріп, аман-есен босанатынына сенбеген. Алайда дәрігерлер мен жақындарының қолдауы оған бұл кезеңнен өтуге көмектескен.
Ерлі-зайыптылар болашақ сәбидің жынысын алғашқы доплер-УДЗ кезінде білген. Ал қыздың есімін әкесі таңдаған. Нәрестенің алғашқы дауысын естіген сәтте анасы ерекше бақытқа бөленгенін айтып, баршаға жылы лебіздері үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, биыл Ария ерлі-зайыптылардың отбасына қосылған жалғыз бала емес. Қыркүйек айында олар 13 жастағы ұл баланы да асырап алған.
Бұған дейін Ұлыбританияның GB News телеарнасының жүргізушісі, дәрігер Рене Хендеркамп тікелей эфирде үшінші баласына жүкті екенін мәлімдеген еді. Ол бұл жаңалығын жариялаған кезде 59 жаста болған, ал жүктілік мерзімі 12 аптаға жеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:13, 23 қараша 2026
Қарағандыда төрт көлік соқтығысып, екі жүргізуші ауруханаға түсті
-
09:56, 23 қараша 2026
ІІМ Қазақстандағы ұрлық пен жолдағы заң бұзушылықтар туралы мәлімет жариялады
-
09:48, 23 қараша 2026
Қазақстанға жекелеген тауар түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу қағидалары бекітілді
-
09:36, 23 қараша 2026
Ақтөбе облысында 82 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған тұлғалар сотталды
-
09:26, 23 қараша 2026
Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті





