Үндістанда 23 жастағы жігіт 17 жастағы қызды өлтіріп, у ішкен

09:04, 23 қараша 2026
MKZ: 1579142

© Фото: unsplash

Үндістанда 23 жастағы жігіт қызғаныштан 17 жастағы сүйіктісін өз үйінде өлтірген. Кейін ол өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV басылымының жазуынша, қайғылы оқиға Тамилнад штатындағы Тутукуди округінің Солайпудур елді мекенінде болған. Қаза тапқан қыз – Себатхайяпурамнан келген 17 жастағы мектеп оқушысы Абарна.

Полицияның мәліметінше, Абарна 23 жастағы сантехник Мутхураджбен екі жылдан бері таныс болған. Жігіт оған басқа жігіттермен сөйлесуге тыйым салған.

"Таңертең қыз үйде жалғыз болған кезде жігіт пышақ пен у алып келген. Қыз келіспеген соң екеуі сөзге келіп, жігіт оны қылқындырып, пышақтап өлтірген. Содан кейін күдікті сол жақ білегін тіліп, аздап у ішкен", – делінген хабарламада.

Полицейлер күдіктіні ұстап, Тутукудидегі ауруханаға жеткізген. Қыздың денесі де сараптама жүргізу үшін сол ауруханаға жіберілген.

Бұған дейін Павлодар облысының тұрғыны анасын балағаттаған таныс әйелді өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оқиға Ақсу қаласының шетінде екеуі бірге ішімдік ішіп отырған кезде болған.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!