Елімізде теннистен 2026 жылдың үздік жаттықтырушыларын анықтады
© Фото: zakon.kz
Қазақстан теннис федерациясы (ҚТФ) 2026 жылдың қорытындысын шығарып, спортшыларды даярлауға, балалар мен жасөспірімдер теннисін дамытуға және білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан үздік жаттықтырушыларды марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәстүрлі марапаттау рәсімі ҚТФ-ның жыл сайынғы жаттықтырушылар конференциясы аясында өтеді. Жеңімпаздарға кәсіби жетістіктері мен қазақстандық теннистің дамуына қосқан үлесі үшін ақшалай сыйлықтар мен естелік марапаттар табысталады.
Соңғы бес жылда марапаттау жүйесі айтарлықтай кеңейді. Бүгінде ол әртүрлі жас санаттарындағы теннисшілерді даярлаумен қатар, Tennis 10s, Baby Tennis бағдарламаларын, арбадағы теннисті (Wheelchair Tennis) дамыту және жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру бағыттарын да қамтиды.
2026 жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
10 жасқа дейінгі балалардың үздік теннис жаттықтырушысы — Оксана Галиева ("Эйс" теннис орталығы, Алматы).
12 жасқа дейінгі теннисшілердің үздік жаттықтырушысы — Руслан Мирошниченко (Beeline Arena ҰТО, Астана).
14 жасқа дейінгі теннисшілердің үздік жаттықтырушысы — Серижан Есенбеков (Beeline Arena ҰТО, Астана).
18 жасқа дейінгі теннисшілердің үздік жаттықтырушысы — Павел Цой (Team KZ, Астана).
Жылдың үздік аға жаттықтырушысы — Руслан Мухамедзянов (Beeline Arena ҰТО, Астана).
Жылдың үздік әйел жаттықтырушысы — Салтанат Кочерова (Beeline Arena ҰТО).
Арбадағы теннисті дамытуға қосқан үлесі үшін — Жалғас Қадыр.
Tennis 10s бағдарламасын үйлестірудегі үздік жетістіктері үшін — Марина Мартышева.
Baby Tennis бағдарламасын дамытудағы үздік жетістіктері үшін — Құралай Дүйсен.
Теннисті дамытуға қосқан үлесі үшін — Олег Павлов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 23 қараша 2026
Елімізде теннистен 2026 жылдың үздік жаттықтырушылары анықталды
-
17:45, 23 қараша 2026
Жамбыл облысы экс-әкімінің түрмеден босатылуына қатысты дау шықты
-
17:20, 23 қараша 2026
Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады
-
17:18, 23 қараша 2026
Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады
-
17:16, 23 қараша 2026
24 қарашада елдің барлық өңірінде қар мен жаңбыр жауады – ауа райы болжамы





