Астанада BMW көлігімен дрифт жасаған жүргізуші 20 тәулікке қамалды
© Фото: unsplash
Астанада 22 жастағы жүргізуші Жұмабаев көшесінде түнде BMW көлігімен дрифт жасап, жол жабынын бүлдірген. Жүргізуші куәлігі жоқ азамат бірнеше жол ережесін бұзғаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 22 қарашада елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жас жігіт түнгі уақытта BMW көлігімен жолдың жүру бөлігінде дрифт жасап, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан.
Қауіпті маневрлердің салдарынан жол жабыны бүлінген. Тексеру барысында жүргізушінің көлік басқаруға арналған куәлігі жоқ екені де анықталды.
"Жүргізуші бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды. Атап айтқанда, маневр жасау қағидаларын бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жол жабынын бүлдіру және көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізу фактілері тіркелді", – делінген полиция хабарламасында.
Сондай-ақ шетелдік көліктің иесі де жауапкершілікке тартылды. Ол көлікті жүргізу құқығы жоқ адамға бергені үшін жазаланды.
Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал BMW коммуналдық тұраққа қойылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:42, 23 қараша 2026
Жаңбыр, қар және көктайғақ: синоптиктер 24–26 қарашаға болжам жасады
-
10:24, 23 қараша 2026
Үндістанда алтын жүзік белгісіз мәйіттің кім екенін анықтауға көмектесті
-
10:13, 23 қараша 2026
Қарағандыда төрт көлік соқтығысып, екі жүргізуші ауруханаға түсті
-
10:04, 23 қараша 2026
Қайғыдан кейінгі қуаныш: Маңғыстауда 51 жастағы әйел қыз босанды
-
09:56, 23 қараша 2026
ІІМ Қазақстандағы ұрлық пен жолдағы заң бұзушылықтар туралы мәлімет жариялады





