Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің өкілдері азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін талқылады. Бұл туралы 2026 жылғы 23 қарашада ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кеңес министрлікте ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің жетекшілігімен өтті. Жиында азаматтардан түсетін өтініштер санының өсуі және осы өтініштерді қарау жұмысын ұйымдастыру мәселелері сөз болды.
Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және сот органдарының, сондай-ақ әкімдіктердің өкілдері қатысты.
"Өтініштерді талдау соңғы жылдары мемлекеттік органдардың формалды жауаптарына және өтініштерді ведомстволар арасында бірнеше рет жолдау жағдайларына қатысты шағымдар санының артып келе жатқанын көрсетеді. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мемлекеттік органдардың өтініштерді негізсіз қайта жолдауына қатысты статистикалық деректер мен нақты мысалдарды келтіріп, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жауапкершілік шараларын түсіндірді." Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Сонымен қатар, 2026 жылғы 8 қарашадан бастап жаңа норма қолданысқа енгізілді.
Оған сәйкес, егер мемлекеттік органдар өтінішті үш реттен артық қайта жолдаса, олар мәселені өз бетінше не себепті шеше алмайтынын және оны басқа ведомствоға қандай негізде жолдайтынын жазбаша түрде түсіндіруге міндетті. Бұл ретте екі органның да өкілеттіктерін растайтын нормаларға сілтеме жасалуы тиіс.
Аталған шара негізсіз қайта жолдау тәжірибесін болдырмауға, мемлекеттік органдардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыруға және өтініштерге мәні бойынша сапалы жауап беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтердің "жасырын" түрлері мәселесі талқыланды. Мұндай жағдайларда жүйелі түрде қайталанатын сұраулар түсіп, мемлекеттік органдар қызметті автоматтандыру және проактивті форматқа көшірудің орнына, жылдар бойы оларға бірізді үлгілік жауаптар беріп келеді.
Сондай-ақ бірқатар өтініш берушінің қайталанатын сұрауларды бірнеше рет жолдауына байланысты шағымдар санының арту үрдісі қаралды. Мұндай мәселелерді шешу үшін азаматтардың күрделі әрі ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан өтініштерімен нысаналы жұмыс жүргізу тәжірибесін қолдану ұсынылды.
"Кеңес қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің басшылығына өтініштердің туындау себептеріне терең талдау жүргізу және оларды жою бойынша жүйелі шаралар қабылдау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берілді." Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Мемлекеттік органдарға өтініштерді тұрақты негізде сапалы қарауды қамтамасыз ету және оларды ведомстволар арасында негізсіз қайта жолдауға жол бермеу тапсырылды.
2026 жылғы 18 қарашада Құрылтай депутаты Захира Бегалиева мемлекеттік органдардың E-otinish жүйесі арқылы қазақстандықтарға берген жауаптарын тексеруге шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:36, 23 қараша 2026
Ақтөбе облысында 82 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған тұлғалар сотталды
-
09:26, 23 қараша 2026
Димаш Колумбияға алғаш барды. Әнші Богота әуежайында жанкүйерлері қалай қарсы алғанын көрсетті
-
09:04, 23 қараша 2026
Үндістанда 23 жастағы жігіт 17 жастағы қызды өлтіріп, у ішкен
-
08:57, 23 қараша 2026
Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады
-
08:45, 23 қараша 2026
Каспийдегі күтпеген кездесу: инспектор кезекті патруль кезінде итбалықтарды көрді





