Мемлекет басшысы қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізуді ұсынды

13:52, 25 қыркүйек 2026
MKZ: 1568868

© Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай инвестициялық форумын екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланысты нығайтатын тұрақты алаңға айналдыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін тиісті қаржылық құрылым қажет екенін атап өтті. Осы ретте форум қатысушыларына бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы айтты.

АХҚО мен әлемнің жетекші қаржы орталықтарының бірі саналатын Гонконг арасындағы тығыз ықпалдастық мол мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз. Қыркүйек айының басында "Самұрық-Қазына" қоры Орталық Азия және ШЫҰ елдері эмитенттерінің арасында бірінші болып Қытайдың банкаралық нарығына кірді. Жалпы сомасы үш миллиард юаньнан (450 миллион доллар) асатын панда-облигациялар шығарды. Жалпы, Қазақстан инвестициялық кезеңді барынша қысқа, ашық әрі технологиялық тұрғыдан озық етіп ұйымдастыруға ниетті. Kazakh Invest ұлттық компаниясы жанынан қазақ-қытай инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қою – осы бағыттағы маңызды қадамның бірі, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, форум екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс.

Сондықтан осы форумды "Қазақстан-Қытай" Алматы инвестициялық диалогы деген атаумен жыл сайын қыркүйек айында өткізуді ұсынамын. Жалпы, бүгін бірқатар нақты келісімдерге қол жеткіздік. Бұл келісімдер Қазақстан мен Қытайдың және тұтас Еуразия құрлығының орнықты дамуына тың серпін береді деп сенемін, – деді Президент.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы туралы айтқан болатын

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!