Мектеп түлектеріне соңғы қоңырау ұйымдастыруға рұқсат етілді

12:38, 11 мамыр 2021

© Сурет: Pixabay

Биыл мектептерде соңғы қоңырауға арналған жиынға тек 9 және 11-сыныптарға қатысуға рұқсат. Бұл туралы министр Асқар Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Соңғы қоңырау 25 мамырда дәстүрлі түрде биылғы оқу жылының ІІІ-тоқсанынан бастап оффлайн режимде оқитын 9 және 11-сынып түлектері үшін соғылады, - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, маусым айының ортасында түлектерге оқу үлгерімі аттестаттарын табыстау үшін оффлайн шаралар жоспарланған.

25 мамырға арналған іс-шаралар - соңғы қоңырау және осы жылдың маусым айының ортасында өтетін аттестаттарды табыстауды да қатаң санитарлық талаптарға сай оффлайн режимде өткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Тиісінше, бізге мектеп директорларының, білім бөлімдерінің, білім басқрамасының бұл іс-шараларды барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырғаны қажет. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу өте маңызды, әсіресе қорытынды аттестаттауда, - деп нақтылады министр.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы қоңыраудың биыл келесі форматтары ұсынылады: бұл - санитарлық нормаларды сақтай отырып, облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің келісіміне сәйкес, мектеп ауласында ашық аспан астында сынып сағаты форматында және онлайн режиміндегі сынып сағаты түрінде өткізу.

Сонымен бірге салтанатты шара кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін аумақта және мектеп ғимаратында белгілер қойылып, маска режимі сақталуы және іс-шараға қатысушылар арасындағы қашықтық 1,5 метрден кем болмауы керек. Одан соң жиынға біреуден артық ата-ана немесе заңды өкіл қатыса алмайды.

Кейінірек министрлік түсіндіріп өткендей, салтанатты шараны басқа сыныптар үшін де оффлайн режимде өткізуге болады, бірақ 9 және 11-сыныптардан бөлек уақытта.

Біздің елімізде 7 мыңнан астам мектеп бар. Соңғы қоңырауды қалай және қандай форматта өткізуді әр мектеп өзі шешеді. Бірақ олар жергілікті санитарлық дәрігерлермен бұл іс-қимылды міндетті түрде өзара келісіп, рұқсатын алуы керек. Шараны мектеп бітіруші - 9 және 11 (12) сыныптарға ашық аспан астында өткізген дұрыс. Өзге сыныптар үшін де осылай жасауға болады, дегенмен онлайн режимде сынып сағаты түрінде мектеп ішінде де өткізуге болады, - деді Білім және ғылым министрлігі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!