ҚР Президенті Әкімшілігіне қарасты бөлім меңгерушісі жаңадан тағайындалды

12:40, 9 сәуір 2021

© Сурет: Ақорда

Қанатбек Жайсанбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", делінген Ақорда сайтында.

Қанатбек Жайсанбаев бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Ол 1980 жылы 8 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!