Көліктегі бас санитарлық дәрігер тағайындалды

20:05, 26 қараша 2020

Жанар Оразалина көліктегі бас санитарлық дәрігер болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарады.

Жанар Оразалина Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын гигиенист, эпидемиолог дәрігер мамандығы бойынша, Каспий қоғамдық университетінің "Әділет" заңтану академиясын бітірген.

Әр жылдары Қапшағай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының тамақтану гигиенасы бойынша санитарлық дәрігері, Қапшағай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Қапшағай қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы болды.

Тағайындалғанға дейін көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары болды.

Бұған дейін Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов болған. Бір апта бұрын ол Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің орынбасары болып тағайындалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!