Қазақстанда балалардың әлеуметтік желідегі аккаунттары өшіріле ме: депутат жауап берді
© Фото: unsplash
Әлеуметтік желілерде жас шектеуі енгізілсе, балалардың бұрын ашқан аккаунттары не болады? Құрылтай депутаты Александр Данилов 2026 жылғы 18 қарашада өткен брифингте журналистердің осы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Даниловтың пікірінше, бұрын ашылған барлық аккаунт белгілі бір мерзім ішінде тексеріледі. Олардың әрқайсысы заңның жаңа талаптарына сай болуы тиіс.
"Аккаунттарды өшіру мәселесін талқыладық. Бұл – қарастырылған шаралардың ішіндегі ең қатаңы. Біз өтпелі кезеңнің қиындықсыз өткенін қалаймыз. Сондықтан заң талаптарын біртіндеп енгізуді көздеп отырмыз. Қазір жұмыс тобында заң күшіне енгеннен кейін оны қалай қолданатынымызды пысықтап жатырмыз", – деді депутат.
Журналистер балалардың аккаунттары өшіріле ме деп нақтылап сұрағанда, Данилов "иә" деп жауап берді. Оның түсіндіруінше, егер заң мұндай аккаунттарға тыйым салса, олар өшірілуге тиіс.
БАҚ өкілдері заң күшіне енгеннен кейін балалардың аккаунттарын өшіру үшін өтпелі кезең қарастырыла ма, ол қанша уақытқа созылуы мүмкін деп те сұрады. Сондай-ақ журналистер жасөспірімдердің жасын немесе туған күнін жалған көрсетіп, қайта тіркелуіне қалай тосқауыл қойылатынын білгісі келді.
"Жасөспірімдердің қайта тіркелуіне қалай жол бермеуге болатынын талқылап жатырмыз. Тексеруді айналып өту жолдарын да қарастырып отырмыз. Соның бір мысалы – VPN қолдану. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылғыны немесе телефон нөмірін пайдаланушыға байланыстыруды ұсынды. Бірақ мұның нақты тетігін әлі де пысықтау қажет. Өтпелі кезеңнің қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз. Бұл мәселе де, өзге де егжей-тегжейлер жұмыс топтарында талқыланады. Осы нормаларды кезең-кезеңімен қалай енгізуге болатынын анықтап, халықаралық тәжірибені зерделеуіміз керек. Атап айтқанда, Австралия, Түркия және Еуропалық одақ тәжірибесін қарастырып жатырмыз", – деп толықтырды Александр Данилов.
Депутаттың айтуынша, реттеу тетіктерін әзірлегенде заманауи технологияларды ескеру маңызды. Сонымен қатар балалардың білім беру материалдарына қол жеткізу мүмкіндігі шектелмеуі керек.
Данилов қазір заң жобасының жалпы тұжырымдамасы талқыланып жатқанын нақтылады. Ал оны іске асыру тетіктерін екінші оқылымнан кейін қарау жоспарланып отыр.
Бұған дейін Құрылтай депутаттары онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдағанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:52, 18 қараша 2026
Депутат E-otinish арқылы азаматтарға берілген жауаптарды тексеруді сұрады
-
16:47, 18 қараша 2026
ҚР ІІМ-не жаңа функциялар берілді
-
16:41, 18 қараша 2026
Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова дүниеден өтті
-
16:38, 18 қараша 2026
Ақтөбеде кәсіпкерді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
-
16:32, 18 қараша 2026
Алматыдағы Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде жаңа бағдаршам мен кері бұрылу мүмкіндігі пайда болды





